60-қа келгеннен ақыл сұра.

Соңғы кезде «шалдар, шалдар көзі кетпей бұл өмір түзелмейді»- деген сөзді жалаулататын жетесіз жастар көрініс беріп жүр. Соңғы кезде ертең ел тағдыры сол ата сыйламайтын жастардың біріне тие қалса қазағымның көрген күні, салты, дәстүрі не болады екен деген ой мазалайды.
Бұрынғы өткен заманда қатігез патша болыпты. Сол патшамыз күндердің күнінде халыққа жар салыпты, «Алпыстан асқан адамда қуат-қажыр болмайды,олардың милары шаршаған, алпысқа келгеннен ақыл да сұрамандар, аяққа оралғы болмасын, сондықтан қарияларды тауға апарып құздың басынан лақтырыңдар»- деп жарлық беріпті. Халықтың қолынан не келсін,қартайған әке, аталарын тауға апарып жылып — еңіреп жүріп құзға лақтыруға мәжбүр болған екен.Содан бір жас жігіт атасын арқалап таудың басында демалып отырса атасы әбден күліпті. Сонда аң- таң болған жас жігіт, «Ата, мен хан жарлығын орындап сізді құз басынан лақтырып өлтіргелі отырмын, ал сіз неге күлесіз, бұның себебі неде»- деп сұрапты. Сонда атасы, «Балам, бір замандарда осы ханның жарлығымен менде әкемді арқалап келіп осы таста демалып отырып, әкемді қимасамда құзға лақтырып едім, енді сол қиянатым өз басыма келіп өзімнң балам соны қайталап тұрғанына күлкім келіп отыр»- депті. Содан бала ойланып отырып, қой әкемді өз ажалы жеткенше ханға көрсетпей тығып бағайын,соңын көре жатармын»- деп акесін түнделетіп үйіне қайта алып келіпті. Үйдің астынан ұра қазып сол жерге сандыққа әкесін отырғызып, тығып асырап баға беріпті. Көп кешікпей хан отырған сол ауылға қуаңшылық келіп су тартылып халық қинала бастапты. Хан халқына суы бар жаққа көшемыз деп , жұртқа үдере көтерілуді бұйырыпты. Қанша жүрсе де сулы, нулы жер таппай ел азып — тозып қиналып, хан әлсіреп шаршап халықтан «Мына тығырықтан шығар не шара бар, не ақыл қосасыңдар? — деп сұрау салыпты. Өңшең өмірдің ащы — тұщысын татпаған, оқып тоқығандары болғанымен өмірден көрген — түйгендері аз жас адамдар не ақыл айта қойсын, еш көңілге дем берерліктей ақыл таппай қиналыпты. Сол кезде әкесін сандыққа салып алып келе жатқан жігіт әкесіне келіп сыбырлап, «Әке, халық қиналды, жүк арткан өгіздер шөлдеп шаршады, ханды да, елді де шарасыздық биледі. Бұл қиындықтан шығар жол бар ма?»- депті. Сонда әкесі, «Балам, бар жүкті түсіріп, өгіздерді босатыңдар да еркіне жіберіп соңына ілесе еріп отырыңдар,шөлдеген өгіздер суы жақын жерге барып жер тарпып тұра қалады, сол жерді қазсаңдар су шығады» — дейді. Жігіт әкесінің айтқандарын көңілге тоқып алып, патша алдына барып, «Хан ием өгіз біткенді босатып көрейік, мүмкін суды солар сезер»- дейді. Бәрі бір шарасы таусылған хан сөз айтпастан келіседі дағы, өгіздерді босатуға әмір етеді. Ары қарай бәрі ақылға дария, қария кісі айтқандай болып, су табылып халық қырылудан аман қылыпты. Содан соң ақ хан әлгі жап — жас жігіттің ақылдылығына қайран қалып, сый — сияпатын тартуламақ болып алдына шақырыпты дағы, «Жігітім, сенің даңғыл ақылыңның арқасында осыншама ел — жұрт шөлден қырылудан аман қалды, осынша ақылға қалай жеттің?»- деп сұрапты. Сонда жігіт, «Хан ием, алам десең міне жан, кесем десең міне бас. Мен сіздің қариялардың бәрін құздан лақтырыңдар деген жарлығыңызды орындамай қателік жасаған пендемін. Өзіме өмір силап, асырап өсірген әкемді қимай сандыққа тығып асырап жүр едім, мына ақылдың бәрі сол кісіден»- деген екен. Сол кезде қанша зұлым болса да ойланып қалған хан, » Иә жұртым, мен қателескен екенмін, қаншама ақыл жастан, асыл тастан десек те көпті көрген көне көздерге жете алмайды екенбіз. Бүгіннен бастап менің бұл жарлығым күшін жойды»- деп жариялап, жігітті сый — сыйяпатпен марапаттап, әлгі қарияны өзіне ақылшы уәзір қылып алған екен.
Бұл әфсанадан алар ғибрат, қаншама кітап кеміріп ақылды болсаң да, көпті көрген көне көздерден көп біле алмайсың деген болса керек. Былай қарасаң жастардың оқып білім алып жатқан кітаптарын да сол көпті көрген көне көздер жазбай ма, сондықтан үлкенді силап, мүмкіндігі болғанша сол үлкендерден барын алып қалуға тырысыңдар, жастар.

Достарыңмен бөлісу - авторға рахмет айтқанмен тең!

419 рет көрілді
Бұл мақала Әртүрлі айдарына жарияланған.

Пікір қалдыру

 

E-mail-ыңыз жарияланатын болмайды. Жұлдызша тұрғанды бос қалдырмау қажет *


*

Келесі HTML-тегтер мен атрибуттарды қолдана аласыз: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

WordPress spam blocked by CleanTalk.