Қой басын дайындау.

>Малдың кәделі мүшелерінің бірі басы болып табылады. Ал енді осы бас басқа мүшелерге қарағанда тазалауы өте ептілікті керек ететін мүшелердің бірі. Басты алдымен тазалап, қырып отырып үйітіп, оны қанжылым сумен жуып тазалайды. Онан соң бастың көз қарашығы пышақпен шұқу арқылы ағызып тасталады, егер көз қарашығын ағызып жібермесе оны асқан кезде қарашық тас болып қатып қалады. Ендігі кезекте басты тұмсығынан қатқылдау жерге (тас, тақтай,т.с.с.) қағып, сілкіп маңқасынан тазартады. Міне осыдан кейін сол бастың ауыз қуысын тазарту керек. Бұл үшін бастың жағын айырып бөлектемесе ауыз қуысын тазалау мүмкін емес, бастың жағынан ажыратылуының ең басты себебі осы. Жақ бөлініп алғаннан соң сыйлы бөлік бастың өзі болады дағы жақ қазан басындағы жастардың, келін — кепшіктердің сыбағасы болып қалады. Бас құрметті қонақтар сыбағасына тартылатын мүше болғандықтан жақтың бас жағындағы бөліктің тіс арасында шөп-шалам қалдығы қалып қалмауы үшін тісі қағылып тазаланады. Міне содан кейін барып бас қазанға салынады. Бас бөлек табақпен жанына мүжуге арналған пышағымен қоса ұсынылады. Басты ұсынбас бұрын Оны қасқалап, оң құлағын кесіп, әулеттің жас балаларының біріне «Ырысымыз өзімізге құт болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін»-деген ниетпен сыйлайды. Бұл «Салтымыздағы осы дәстүрді құлағыңа сіңіріп ал, сенде ертең өзіңнен кішілерге айта, үйрете жүресің» — дегенді де ұқтырады. Ал басты қасқалау «Төрт құбыламыз тең болсын»-дегенді білдіреді. Соңғы кездерде кей жерлерде баспен қоса сирақ баратын болып жүр, бұл өте өрескел, анайы тірлік. Сирақ бала-шағаның несібесіне бұйырған мүше.

Достарыңмен бөлісу - авторға рахмет айтқанмен тең!

1 216 рет көрілді
Бұл мақала Әртүрлі айдарына жарияланған.

Пікір қалдыру

 

E-mail-ыңыз жарияланатын болмайды. Жұлдызша тұрғанды бос қалдырмау қажет *


*

Келесі HTML-тегтер мен атрибуттарды қолдана аласыз: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

WordPress spam blocked by CleanTalk.